10:29 Мерейлі мерекеге толы күндер. | |
Қылышын сүйретіп, қыс та келіп жетті. Сарыарқаның сары даласы аппақ тонға оранды. Соған қарамастан мектебімізде ерекше күндерді асыға күтті. Бұл еліміздің Тәуелсіздігінің торқалы 20 жылдық мерей тойын тойлауы. Осы мереке қарсаңында мектебімізде түрлі іс-шаралар өтті. Еліміздің дамуы мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуды басты мақсатқа ала отырып, сынып сағаттары, ашық сабақтар өтті. Атап айтқанда: бастауыш 4 Б сыныбында және қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі М.Н. Айдарбекованың «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім –желтоқсан» атты кеші өтті.
Сонымен қатар «Бізге бәрібір емес», «Салауатты ұрпақ» акциялары ұйымдастырылды. Акцияларға мектеп оқушылары, ата-аналар өз үлесін қосып, қызықты кештерді тамашалады. Мысалы 5 Б сынып оқушылары орыс тілі мұғалімі Н.С. Люфттің жетекшілігімен «Теремок» ертегісін сахналап, өздерінің өнерін, үш тұғырлы тілді меңгерудегі талпыныстарын байқатты.
Мерекеге толы бұл айды қуанышпен қарсы алмақпыз. Балалар аяз атаға хат жолдап, бұл күнді асыға күтті.
Тәуелсіздік мүддесі – ел мүддесі. Өтіп бара жатқан жыл айтулы оқиғаларымен тарих беттерінде қала бермек, келер жылда асулар мен белестер күтіп тұр. Өтіп бара жатқан жыл біздің еліміз үшін берекелі, мерекелі жыл болды. | |
|
Всего комментариев: 0 | |