Воскресенье, 14.12.2025, 03:08
Приветствую Вас, Гость | RSS
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 254
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2011 » Ноябрь » 13 » Қазан айы.
13:54
Қазан айы.
     Күздің осы бір керемет айларының бірі.
Бұл айда көптеген мерекелер аталып өтіледі. Әсіресе ұлағатты ұстаздар мерекесі. Ұстаздар мерекесін мектебіміз қуанышпен қарсы алды. Бұл күні оқушылар ұстаздарын мектеп алдында қарсы алып ,құттықтады. Білім нәрімен сусындатқан әр ұстаздың орны ерекше, ісі үлгі. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші, аяулы да ардақты ұстаздарымызды осы мәртебелі мерекелерімен шын жүректен құттықтап , мыны өлең жолдарын арнаймыз.
Ұстаздарым жұрт аузына қараған,
Білім нәрі өздеріңнен тараған.
Өздеріңнен алған білім бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
Тәрбиелі сөз сөйлейсің санадан.
Еңбекқорсың бал жинаған арадан.
Мен өзіңді жарық нұрға балаған,
Мен өзіңді алып қырға санағам.
Мектебімізде көптеген іс-шаралар өтті.
Мысалы: «Салауатты ұрпақ» жобасымен балалар арасында сауалнамалар жүргізіліп,сурет көрмелері өтті.
Осы жоба барысында жобаға қатысушы балалар театрға барып қойылымдарды қызықтады. Салауатты өмір салтын сақтауға әңгімелер өткізілді. Осы айда қарттар күнін атап өттік. «Қарты бар үйдің қазнасы бар» демекші ,ақ сақалды әкелерге, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсету, «үлкенге- құрмет, кішіге- ізет» деп өскен қазақ үшін әуелгі міндет.
Тарихи зерденің қайнар бұлағы, өткен өмірдің көзі тірі шежірешілері, түйгені мол қарияларды мерекесімен құттықтадық.Біздің мектеп оқушылары ардагерлер мен қарияларды мерекесімен құттықтап,аздаған сыйлық сыйлады.
Сонымен бірге ,дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100жылдық мерей тойына ,мектебіміздің 8Б-9Б сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі М.Н. Айдарбекованың басшылығымен кеш өтті.
Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов шығармаларынан үзінділер оқылып, поэзиясымен сусындап,ақын өміріне көз жүгіртіп, бір тамаша сезімге бой алдырдық. Кештің мақсаты: ақын поэзиясын жаңғыртып ,келер ұрпақ Қасымның кім екенің ұмытпай ,еске алу болды. Кенште ақынның әндерін тамылжыта орындаған ұстаздарымыз : З Исатай, МАйдарбекова, АНамид кенштің сәні болды. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ»деген ақынның асыл армандары тілге оралып, бір демалып қалдық. Сөйтіп қазан айының еншісіне тиген күндер қызықты өтті. 
Просмотров: 1058 | Добавил: ЛёляЛю | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930