Вторник, 24.06.2025, 08:22
Приветствую Вас, Гость | RSS
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 254
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » Файлы » Наша методическая продукция

Менің тұңғыш президентім
[ Скачать с сервера (23.2 Kb) ] 17.03.2016, 07:26

 

Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

1-жүргізуші:Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрине

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Сыныбымыздың оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  1. Қазақстан  Республикасының Президенті
  2. Дүниежүзілік Қазақтары қауымдастығының Төрағасы
  3. Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы
  4. Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы
  5. Қазақстан Әнұранның авторы

2- жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президенті  мемелекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Оны ресми пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсанындағы  № 2736 «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес айқындалған. Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген.

Қазақстан Республикасы Президентінің  байрағы.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолдана бастады.Республика Президеентінің төсбелгісі сияқты, ол да мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылғы 31қазандағы Жарлығында Президент байрағының  сипаттамасы берілген. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы- көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының туымен түстес)  тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республикасыныңалтын түсті Мемелекеттік Туы бейнеленген. Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған. Кездеме үш жағынана алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілдегі тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы Мемлекет басшысының Астанадағы резиденциясында тұрады, Елбасы сапарларында басқа резиденцияларда, оның көліктерінде болады.

Алтын Қыран ордені. 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айырықша еңбек сіңірген азаматтар мараппатталады. «Алтын Қыран» орденін бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның ордендерінің бірімен марапатталған иеленуі мүмкін Қазақстан Республикасы Президенті лауазымы бойынша айырықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иесі болады.

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

Ән: Нұр аға

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Қош сау болыныздар!

Мұғалім сөзі: Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, жаңа экононмикалық өрлеу үстінде, Отанымыздың осындай  бейбітшікте өмір сүруі, әрине біздің елбасымыздың арқасында.

Қазақстан мемлекеті Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбынды мемелекет.

Мемлекетіміздің одан әрі көркейіп гүлденуіне өз үлесімізді қосайық! 

 

Категория: Наша методическая продукция | Добавил: tFadina
Просмотров: 617 | Загрузок: 161 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск