| Главная » Файлы » Наша методическая продукция |
| 13.03.2017, 07:25 | |
Мұғалім сөзі: 1-жүргізуші Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке ! -Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар! Арулар! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі. Жанбота Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық. Мұғалім: Ақ анашым,аппағым Өзің жайлы тақпағым. Арналады сіздерге, Бар баланың тақпағы ( Оқушылардың тақпағы айтылады) Айкен Алтын анам жасымнан аялаған Мен үшін игілікті аямаған. Сабақтан шаршап үйге келгенімде, Бал сөзі-жаным деген сая маған Саян Құтты болсын, ардақты ана, Асыл анам мерекең, Құтты болсын теңдік алған, 8 наурыз мерекең. Мәриям Көрсетемін күллі елді, Жарық етем түндерді. Өсіріп мен сыйлаймын, Жұрт көрмеген гүлдерді Қайназар Құтты болсын ардақты анам Асыл анам мерекең Құтты болсын ұстаздарым Қуанышты берекең І жүргізуші: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды. Сахналық көрініс «Әжесі мен Бағлан» Қабдыкәрім Ыдрысов -Жүрегім кім менің? -Мен! -Тірегім кім менің ? -Мен! -Сәнім кім менің? -Ботақаным, бағлан қозым. Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің! -Жоқ , әже, қарғаң мен емес! Жо жоқ қарға болмаймын, Керегі жоқ ондайдың. Қарға « қарқ-қарқ» етеді, Алысқа ұшып кетеді. Қасыңда боп әрдайым, Мен ешқайда бармаймын. Мұғалім: Болар күнде алаң, Жанашыр кім саған? Бәрі: Анам! Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? Бәрі: Анам! Таң қалғандай ғалам, Кім ең сұлу адам ? Бәрі: Анам!
Осындай аналарымызға арналған жыр-ән Ән: «Аналардың тілегі» Аида Жамандықтан сақтандырып Жақсы ісімді мақтан қылып. Мәпелеген ақ мамамды, Жүрсем деймін шаттандырып,-дей отыра ,кезекті Қарсембай Мәриямның орындауында «Қаз балам» әнің қабыл алыңыздар Жүргізуші: -Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса, мына күннің айналысына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін қабыл алыңыздар. ( слайд көрсету) І жүргізуші: — менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой. ІІ жүргізуші: -Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен? І жүргізуші: -Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
ІІ жүргізуші: — Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. Мұғалім: «Сз тапқанға қолқа жоқ»ойыны Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керке ( Ойын ойналады) 1. Сіздің есіміңіз? 2.Балаңызды қалай еркелетесіз? 3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз? 4. Жақсы көретін мерекеңіз? 5. Сүйіп ішетін тағамыңыз? 6. Қандай санды ұнатасыз ? 7. Жақсы көретін әніңіз қандай?
«Кім шапшаң ?» ойыны, оқушыларға түрлі ащы тағамдарды жеу ойыны. Сезізінші наурызда Құттықтаймыз ананы. Теңеп оны жұлдызға-сый тартамыз бағалы! ( Еңбек сабағында дайындаған құмырадағы гүлдерін аналарына табыстайды) Бәрі: Бәрі жақсы ананың, Бәрі де оның керек-ау Бірақ әрбір баланың Өз анасы бөлек-ау!-дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді құрметті аналарымызға береміз. « Менің жүрегімнен рахмет!» - Анамның қайырымдылығына рахмет! - Анамның мейірімділігіне рахмет! - Анамның жылылығына рахмет! - Анамның жақсы көру сезіміне рахмет! - Анамның жанашырлығына рахмет! - Анамның кең пейілділігіне рахмет! - Анамның адалдығына рахмет! - Анамның сезімталдығына рахмет! - Анамның қамқорлығына рахмет! - Анамның кішіпейілділігіне рахмет! - Анамның тазалығына рахмет! | |
| Просмотров: 506 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 | |
| Всего комментариев: 0 | |